ШЫҰ Ирандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) мүше мемлекеттері Таяу Шығыстағы оқиғалардың дамуына және Иран Ислам Республикасының аумағына жасалған әскери соққыларға байланысты мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

ШЫҰ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Фото: news.cgtn.com

– ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Таяу Шығыстағы оқиғалардың өрбуіне және Иран Ислам Республикасының аумағына жасалған әскери соққыларға байланысты алаңдаушылық білдіреді, - делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге шақырды.

– ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қалыптасқан қайшылықтарды тек бейбіт жолмен, диалог, өзара құрмет және барлық тараптардың заңды мүдделерін ескеру негізінде шешуді қолдайды, - деп атап өтті ұйым.

Мәлімдемеде елдің егемендігін қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған.

– ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Иранның егемендігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетеді, барлық тараптарды ұстамдылық танытып, жағдайды ушықтыруы мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырады, – деп мәлімдеді ШЫҰ.

Ұйым халықаралық құрылымдарды да нақты әрекет етуге үндеді.

– ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер БҰҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруге қарсы тұру үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады, - делінген мәлімдемеде.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Иран үкіметі мен халқына қолдау және ынтымақтастық білдірілді.

Еске сала кетейік, Қытай Иранмен зымыран келісімі туралы шетелдік БАҚ ақпараттарын жоққа шығарды.

Ал Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан кез келген кемені ататынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум