ШЫҰ саммитін өткізу кезінде Астана әуе кеңістігі күшейтілген режимде күзетіледі

Минобороны
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі. 

«Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін ҚР ІІМ шілденің 3-4 күндері Астанада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты қала сырттан келушілер үшін жабық болмайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ саммит өтетін күндері елорда горнизонды толық құрамда жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына 28 маусымнан бастап елордада ШЫҰ саммитіне дайындық аясында жекелеген көшелерде көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін ескертті.

 

Соңғы жаңалықтар