ШҚО әкімі онлайн-конференция режімінде жұртшылық сауалдарына жауап берді

Оған 65-ке жуық сұрақ қойылды - негізінен Өскемен, Семей, Курчатов және Ұлан аудандарының тұрғындары белсенділік танытты.
Мәселен, ШҚО әкімшілік орталығының тұрғындарын аулаларды абаттандыру, спорт және балалар алаңдарын салу, білім беру мекемелерін қаржыландыру, мүгедектерге арналған жеңілдіктер және басқа да сұрақтар қызықтырды.
Аудандардан мәдени мұра, жол мәселесі, балалар бақшасын салу, мүгедектерге арналған жеңілдіктер жайлы сауалдар қойылды.
Апаттық жағдайдағы мектептерге қатысты әкім олардың саны өңірде 61 екенін мәлімдеді. Биыл апатты жағдайдағы 35 мектептің орнына жаңалары салынып жатыр. Жаңа оқу жылында 6 мектеп пайдалануға берілді, тағы бесеуінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Алдағы жылы мектеп салуды жалғастыруға байланысты жергілікті, сонымен қатар республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді.
ШҚО ата-аналары мектепте оқушылардан ақша жиналатынын айтты. Бұған өңір басшысы «ондай жағдай орын алмауы тиіс» деп жауап берді.
Б.Сапарбаевқа жолданған сұрақтардың ішінде оған қатысты айтылған сынға қалай қарайтыны жөнінде де сауал болды.
«Мен сыннан қорықпаймын, егер оның негізі болса», - деді өңір басшысы.