ШҚО әкімі түлектерге қандай мамандықтардың сұраныста екенін айтты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дарынды балалармен кездесу барысында күрделі емтихан алдында түлектерге сәттілік тілеп, оқушылардың алдына бірнеше міндеттер қойды, - деп хабарлады әкімнің ақпарат орталығы.
None
None

«Біздің облыс елде ҰБТ балы бойынша лайықты орынды иеленуі қажет. Біріншіден, «Алтын белгіге» үміткерлер өз білімдерін растауы тиіс. Екіншіден, тестілеу ойдағыдай өтсін деп тілеймін. Үшіншіден, мемлекеттік грантты көбірек алуға күш жұмсауымыз қажет", - деді облыс әкімі. - Барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, еліміздің үздік ЖОО-ларында білім алу мүмкіндігіне ие болуларыңа тілектеспін". Мысалы, Назарбаев Университетінде студенттер жетекші әлемдік ЖОО-лардың оқу жоспарлары негізінде құрылған бағдарламалар бойынша білім алады. Егер шетелге барып оқуға шешім қабылдасаңдар, таңдауларыңа қарсы келе алмаймын. Бастысы, диплом алғаннан кейін үйлеріңе қайтып, өз Отандарыңның игілігіне жұмыс жасаңдар. Елміздің келешегі өз қолдарыңда».

Әкіммен әңгімелесу мүмкіндігін пайдаланған мектеп оқушылары толғандырып жүрген сұрақтарын қойды: ЖОО-да қандай мамандықтарды таңдаған дұрыс? Қазіргі кезде қай мамандық сұранысқа ие?

«Біздің өлкеде жылу электр стансасы, гидро электр стансасы болғандығына қарамастан, Шығыс Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы сезіледі. Сондықтан қазіргі уақытта баламалы энергетиканы белсенді дамытып, инновациялық технологияларға негізделген жаңа өндірістер ашуымыз қажет", - деп жауап берді Б. Сапарбаев.

Әкімнің айтуынша, өңірге түсті металлургия, ақпараттық технологиялар, құрылыс, энергетика және т.б. саласындағы мамандар қажет. Өз мамандықтары бойынша білімдерімен қоса, жас мамандардың тілдерді білуі аса маңызды.

«Егер дамып, жақсы перспективаға қол жеткізгілерің келсе, мемлекеттік тілді жетік меңгеріңдер. Ұлтаралық келісім үшін орыс тілін білу қажет, халықаралық деңгейге шығу мүмкіндігіне ие болу үшін ағылшын тілін үйреніңдер. Бізде лингвистикалық даму үшін барлық жағдайлар жасалған", - деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар