ШҚО әкімінің орынбасары сібір ойық жарасын жұқтырған екі тұрғынға қатысты ақпаратты растады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында түйнеме - Сібір ойық жарасына шалдықты деген күдікпен екі адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде болған баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин хабарлады.
None
None

ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің айтуынша, көршісіне тиесілі бір ірі қараны сойған Жарма ауданының екі тұрғыны дене қызуымен орталық аудандық ауруханаға барған. Екеуінде де сібір ойық жарасының нышаны байқалған. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы 27 маусым күні белгілі болады. 

«Жұмыс тобын құрып, мал сойылған жерге бардық. Белгілі болғандай вакциналау тәртібі уақытылы жүргізіліп тұрған. Мал дәрігерлері қарап шығып, түйнеме ауруының белгілері жоқ екенін жеткізді. Бұл оқиға ерекше бақылауда», - деді ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин.

Мал дәрігері сиыр улы шөптерден уланған диагноз қойды.

ШҚО бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Ғазиз Сүлейменовтың айтуынша, ауруға шалдыққан және олармен байланысқа түскен тұрғындар нормативті 15 күн бақылауда болады. Соңғы диагноз белгілі болмағандықтан, карантин жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар