ШҚО әкімінің Үржар ауданына жасаған екі күндік сапары аяқталды

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ақжар аулындағы еңселі Мәдениет үйінің базасында заманауи кешен пайда болып, онда 350 орындық зал, әкімдік, амбулатория, құқықтық тәртіп пункті орналасты.
Шолпан аулында бір шаңырақтың астына - әкімдік, күндізгі стационардың үш төсегі бар амбулатория, Қазпоштаның бөлімшесі, құқықтық тәртіп пункті орналасты.
Үржар ауданына сапары барысында әкім бұрынғы Мақаншы ауданы орталығындағы Мақаншы медицина бірлестігінде болды.
Бірлестіктің директоры Нағима Жақиянованың әкімге айтқанындай, «Жол картасы» бағдарламасының арқасында бірлестіктің 11 бөлімшесін жөндеуге 55 млн. теңге жұмсалған.
«Жол картасы» бағдарламасы осы үлкен кентте алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхана ашуға септігін тигізген.
Мақаншылықтардың облыс әкімімен кездесуі жаңартылған Мәдениет үйінің оқу залында өтті. Кездесуде әңгіме экономика, мемлекеттік әлеуметтік саясат, жер және оны өңдеу туралы өрбіді.
Аймақ басшысы сонымен қатар, экономиканың әлеуметтік маңызды шаруашылық жүргізуші субъектілерінде, атап айтқанда, Үржарда жақында ғана ашылған «Береке» шаруа қожалығының ұн тарту кешенінде болды.
Б.Сапарбаевтың шалғайдағы Үржар ауданына жасаған сапары осымен аяқталды және ол түстен кейін Глубокое ауданына жүріп кетті.