ШҚО әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Ерлан Хасенұлы Текешов Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында туған. 1993 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Гидрогеология және инженерлік геология» факультетін, 2003 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2008 Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қвазақстан техникалық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Тарбағатай ауданында «Сельхозхимия» өндірістік бірлестігінде жұмысшы болып бастады. 2007 жылдан - ШҚО әкімі аппаратының «Іс басқару» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында бас директордың міндетін атқарушы, бас директоры. 2008 жылдан ШҚО Өскемен қаласы экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы - инвестиция және әлеуметтік сала секторының бас маманы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. 2009 жылғы сәуірден - ШҚО Өскемен қаласы құрылыс бөлімінің бастығы. 2009 жылы қазаннан - ШҚО Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары. 2010 жылғы тамыздан - ШҚО құрылыс басқармасының бастығы. 2011 жылғы мамырдан - Тарбағатай ауданының әкімі.
Жақсылық Мұқашұлы Омар 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін география және туризм мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын игеріп шыққан.
Еңбек жолын ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінен бастаған. Кейін ҚР қаржы министрлігінде еңбек етті. Сондай-ақ, «Қазақстан» Республикалық телерадиокомпаниясы» АҚ басшылық лауазымда болған.
Одан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппаратында қызмет атқарса, 2010 жылы ШҚО ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, сол жылдың күзінде басқарма бастығы болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап ШҚО мәдениет басқармасын басқарды.