ШҚО аумағында 600-ден астам қауіпті нысан анықталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы аумағында 600-ден астам қауіпті нысан анықталды. 

ШҚО аумағында 600-ден астам қауіпті нысан анықталды
Фото: Kazinform/ЖИ

Облыс бойынша «Қауіпті нысандар картасы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді. 

Бағдарламаның негізгі мақсаты — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті нысандарға, атап айтқанда иесіз қалған ғимараттар мен құрылыс алаңдарына кіру мүмкіндігін шектеу арқылы жазатайым оқиғалардың алдын алу.

— Жоба аясында осындай нысандарды анықтау, оларды тиісті деңгейде қоршау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ нысандарды жою және қауіпсіз жағдайға келтіру шаралары қабылданып жатыр. Жалпы аймақ бойынша 643 қауіпті нысан анықталды. Бүгінде оның 462-сі жойылды. Прокуратура қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, — деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар анықталғаны хабарланған.