ШҚО аумағында 4.9 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісінде 27 мамыр күні Алматы уақыты бойынша сағат 22.51 минутта жер сілкінісі тіркелді.

ШҚО аумағында 4.9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 577 шақырымда Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.

Энергетикалық сыныбы 9.9. Магнитудасы MPV 4.9. Тереңдігі 0 шақырым. Дүмпудің басқа жерлерде сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.