Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО аумағындағы республикалық жолдардағы көлік қоғалысына шектеу қойылды - «Қазақавтожол» РМК

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық жолдардағы көлік қоғалысына шектеу қойылды.

ШҚО аумағындағы республикалық жолдардағы көлік қоғалысына шектеу қойылды - «Қазақавтожол» РМК

Бұл жайында бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, қарлы боран салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Өскемен-Семей» республикалық манызы бар автожолының 0-198 учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін сағат 18:00-ден бастап жол қозғалысына шектеу койылды. Мұнымен қоса, боранның салдарынан «Өскемен-Шемонайха-Ресей шекарасы" республикалық манызы бар автожолының 0-123 учаскесінде де 18:00-ден бастап барлық автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.