ШҚО автожолында түнде ер адамның мүрдесі табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Таскескен-Бақты автожолының 94-інші шақырымында 50-55 жас шамасындағы белгісіз ер адамның мүрдесі табылды.

ШҚО автожолында түнде ер адамның мүрдесі табылды

Полиция жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші анықталып, ұсталды. Ол Көлденең ауылында тұратын «Урал» мотоциклінің 23 жастаға жүргізушісі болып шықты.

Жаңа ғана полиция 54 жастағы ер адамның түнгі уақытта шырағын жақпай келе жатқан мотоциклдің астына түсіп қалғанын хабарлады.