Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО бюджеті алты айдың ішінде меншікті кірістер бойынша 113,8 пайызға орындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының 2016 жылдың алты айдағы әлеуметтік-экономикалық дауымының қорытындысында оң өзгерістер байқалады.

 ШҚО бюджеті алты айдың ішінде меншікті кірістер бойынша 113,8 пайызға орындалды

 Мысалы, өнеркәсіптік өнім өткен жылмен салыстырғанда 142,4 пайызға, ауыл шаруашылығындағы көрсеткіштер 112,3 пайызға артқан. Сонымен қатар, осы салада 100,1 мың тонна ет, 388 мың тонна сүт және 71,8 млн дана жұмыртқа өндірілген.

Сондай-ақ, 136,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім көрсеткіші 6,7 пайыз. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 101,6 мыңды құрады.

Индустриаландыру Картасы бойынша жобалар саны 82 жобаға жеткен. Олардың құны 1160 млрд. теңгені құрап отыр. Биылғы жылы 7 жобаны тапсыру жоспарланған.

Айта кету керек, облыс бюджеті меншікті кірістер бойынша 113,8 пайызға орындалып, 44,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға өсіп отыр, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.