ШҚО-да 15 вагонның рельстен шығып кетуі пойыздар қозғалысына кесірін тигізген жоқ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ШҚО бөлімінің 50 қызметкері Серебрянск-Огневка темір жол торабында қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін таңертең кен мен цемент тиелген 15 вагон рельстан шығып кетті.
None
None

Темір жол торабындағы келеңсіз жағдай таңғы сағат 6-да Зыр ьянов ауданындағы магистральдың 82 км-де орын алды. Оқиға салдарынан жүк тиелген 13 вагон аударылды. Жапа шеккендер жоқ. Пойыз 48 жүк вагонынан құралған.

ТЖД ақпаратынша, жапа шеккендердің бар не жоқ екені туралы хабар келіп түспеді.

Оқыс оқиға пойыздар қозғалысына кесірін тигізбегені белгілі болды.

«ҚТЖ» кеңсесінен толық ақпарат берілген жоқ. Вагондардың шығып кетуіне не себеп болғаны және аударылған жүк кімге тиесілі екендігі де әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар