ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астана уақытымен сағат 23:08-де Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді. Оның қарқындылығы Үлкен-Нарын ауылында 2 балды құрады.

ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: hurriyet.com.tr

Жер дүмпуін Астана уақыты бойынша сағат 23:08 -де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 км жерде орналасқан. Ошақтың координаттары: солтүстік ендіктің 49.167°, шығыс бойлықтың 84.417°.

Есептік қарқындылығы: ШҚО, Үлкен-Нарын ауылы – 2 балл.

Ел аумағында болған ең жойқын жер сілкіністері жөнінде қандай деректер белгілі екенін мына сілтемеден оқыңыз.