ШҚО-да 20-дан астам шетелдік ел аумағынан шығарылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары аймақтағы құрылыс нысандары мен базарларға тексеріс жүргізді.
— Соның нәтижесінде Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 17 азаматы анықталды. Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар облыс аумағына шамамен бір ай бұрын келіп, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеместен, 10 күннен астам уақыт бойы нысанда жұмыс істеген, — делінген ақпаратта.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасына аумағынан шығарылды.
— Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтауда шетелдік 1 келіге жуық апиынды жұтып, елге өткізбек болғаны хабарланған.