ШҚО-да 20 гектарға жайылған орман өрті оқшауланды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл орман шаруашылығында шыққан өрттің беті қайтарылды.

Бір аптада 12 орман өрті: Қазақстанда өрт қаупі жоғары болып тұр
Фото: Экология министрлігі

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау кеше Марқакөл орман шаруашылығы аумағында шыққан. Орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелері бірден сол жерге барып, жалынды ауыздықтауға кірісті.

— Өрт жетуі қиын жерді шарпыған. Тілсіз жаумен күреске орман күзеті мен ТЖМ-нің 85-ке жуық қызметкері, 10 техника, «Қазавиалесоохрана» қызметкерлері және жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды, — делінген ақпаратта.

7 қыркүйекте таңертең орман өрті оқшауланды. Қызыл жалынның жалпы аумағы 19,4 гектарды құрады.

Еске салсақ, осыған дейін Жітіқарадағы дала өрті ауыздықталғаны хабарланған.