ШҚО-да «20 қайырымды іс» акциясы басталды
ӨСКЕМЕН. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған «20 қайырымды іс» акциясы басталды.
Үстіміздегі жыл бойына облыстың барлық қалалары мен аудандарында қайырымдылық шаралары, сонымен қатар түрлі акциялар, фестивальдар, байқаулар, спорттық шаралар өткізілетін болады.
Қайырымдылық акциялары аз қамтылғандарға көмек ретінде ұйымдастырылады. Олардың нәтижелері бойынша, әрбір елді мекен, әрбір мекеме өзінің 20 қайырымды ісін ұсынуы тиіс. Аймақта 15 аудан, 4 қала, 322 ауылдық округ пен 23 шағын елді мекен болғандықтан, акция ауқымы орасан болады деп күтілуде.
Сонымен қатар тәуелсіздіктің 20 жылдығы аймақта аталып өтілетін тағы бір маңызды шара - Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай аймақта халықаралық форумды, сонымен қатар түрлі аймақтық және халықаралық шараларды өткізу жоспарлануда.