ШҚО-да 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті.

терезеден құлады
Фото: Pexels

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 31 шілде күні Алтай қаласында болған. 

«Үш жасар бала 3 қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған бүлдіршін ауруханаға жатқызылған. Алдын ала дерек бойынша ол пәтерде 11 жасар ағасымен қалған. Терезеге тек москит торы орнатылған», — делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетпес үшін қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін түсіндірген болатын.  

Соңғы жаңалықтар