ШҚО-да 430 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 430 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да 430 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 107 мыңға жуық адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 94 мыңға жуық бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде.

«Қазір осы санаттағы 17 821 адам үшінші рет вакцина алып отыр. Жалпы Шығыс Қазақстан облысында 429 640 адам ревакцинациядан өтті», - делінген хабарламада.