ШҚО-да 8 оқушы газ баллонының иісіне уланып ауруханаға түсті - ҚР ТЖМ
АНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы, Шуақ ауылындағы №236-шы орта мектептің 8 оқушысы шашылған газ баллонының иісіне уланып ауруханаға түсті.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Анықталғандай, зардап шеккен оқушылардың жасы 14-19 жас аралығында. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын «орташа ауыр» деп бағалап отыр.