ШҚО-да алаяқтар халыққа әкімдік қызметкерлері атынан хабарласып жатыр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар елді алдау үшін өздерін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып жүр.

мошенничество в интернете
Фото: ҚР ҰҚК

Соңғы уақытта Шығыс Қазақстанда онлайн-алаяқтар жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары атынан, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, түрлі мазмұндағы мәтіндік және дауыс хабарламаларын тарата бастады.

Олар көбінесе қаржылай көмек көрсету немесе белгілі бір мәселелерді шешіп беру туралы өтініш білдіреді.

- Сонымен қатар азаматтардың жеке мәліметтерін алу мақсатында абоненттердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қатысы бар деген жалған ақпарат таратылып жатыр. Сіздерден алаяқтардың арандатуына ермеуді және мұндай жағдайлар болған кезде дереу құқық қорғау органдарына жүгінулеріңізді сұраймыз, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін Петропавлда ер адамнан интернет-алаяқтар қолданатын құрылғы тәркіленгені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар