ШҚО-да ауа райының күрт бұзылуына байланысты ертеңге дейін жолдар жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. Жолды 10 желтоқсан сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
2025 жылғы 9 желтоқсан сағат 19:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
— «Өскемен — Риддер» автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
— «Өскемен — Шемонаиха» автожолының 1104-1191 шақырымы аралығы (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);
— «Өскемен — Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы жолға қатысты қосымша ақпарат алуға болады.
Бұдан бұрын елімізде 250 шақырым автожол анықталған ақауларға байланысты уақытша тегін болатыны айтылды.