Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жолдар тағы да жабылды

ӨСКЕМЕН. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты кешегі кештен бері республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай-Боран-Қалжыр-Теректі» бағытындағы жол мен облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Тайынты-Самар» бағытындағы жол жабылды.

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жолдар тағы да жабылды

Алдағы тәуліктерге жасаған синоптиктердің болжамынша, қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді. Өңір бойынша күн бұлтты болып, оңтүстік-шығыстан секундына 23-28 метр жылдамдықтағы жел соғады деп болжануда.