ШҚО-да ауыл халқына қауіп төндірген Глубочанка өзенінің арнасы тереңдетіліп жатыр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында елді мекендерді су тасқынынан қорғауға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр.

В ВКО укрепляют берега и русла рек
Фото: ШҚО ТЖД

Биыл өңір бойынша су тасқыны қаупі бар 26 учаскеде алдын алу шаралары жоспарланған. Олардың қатарында көктемде «асау мінез» танытатын Глубочанка өзені ағып өтетін Прогресс ауылы да бар.

Глубокое ауданындағы Глубочанка өзенінің арнасын тереңдету және тазарту жұмыстары қолға алынған. Бұрын кішігірім бұлақ болған өзен бүгінде тұрғындар үшін нағыз қауіп көзіне айналып отыр. 2018 жылы көктем кезінде Глубочанка тасып, Прогресс ауылындағы 50-ге жуық үйді су басқан. Содан бері жағалауда тұратындарды қыс аяқталған сайын үрей билеп келеді.

Осы жағдай қайталанбас үшін ТЖД қызметкерлері өзен арнасын тек тазартып қана қоймай, артық топырақты шығарып, су арнасын кеңейтуде.

- Бұл шаралар көктемгі еріген қар суын бөгетсіз өткізуге мүмкіндік береді. Арна кеңейсе өзенге көбірек су құйылады. Қазір өзеннің су жинау алаңы 24 мың шаршы шақырымнан асады, - дейді Глубокое аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы Константин Боровиков.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да құтқарушылар жағажайларды әуеден патрульдеп жүргені хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар