ШҚО-да аусыл дертіне байланысты жойылған малдың иелеріне өтемақы төленді - ҚР АШМ

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл ошағының шығуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында жойылған 323 бас малдың 39 иесіне нарықтық баға бойынша өтемақы жасады.
None
None

Сонымен қатар ағымдағы аптаның аяғына дейін мал басының қалған иелеріне де өтемақы төленетін болады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Ақшоқы ауылында ірі қара малдар арасында аусыл ауруына тән клиникалық белгілер анықталды.

Атап айтқанда, Ақшоқы ауылы ҚХР-мен мемлекеттік шекарадан 50 м қашықтықта орналасқан шекаралас аймақтағы елдімекен болып табылады. Инфекция көршілес мемлекеттің шекаралас аумағынан келген деген жорамал бар.


28 мамырдағы жағдай бойынша 1375 бас ірі қара мал жойылып, 59 400 шаршы метр ауданда заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. 3453 бас ірі қара мал және 4 962 ұсақ мал вакцинацияланды. Бұл жұмыстар жалғасуда.


Карантин уақытында Ақшоқы ауылдық округінде мал шаруашылығы өнімдерін шығаруға және сатуға тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар