ШҚО-да білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының жаңа басшысы болып Сейсембина Назигүл Үсерқызы тағайындалды.

ШҚО-да білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Назигүл Үсерқызы Қазақ ұлттық басқару академиясының түлегі, мамандығы экономист.
Өзінің еңбек жолын Орал облысы Чапай ауданындағы сегізжылдық мектеп мұғалімі қызметінен бастап, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық әкімшілігінің экономистіне дейін көтеріліп, кәсіби біліктілігін жоғарлатты.

1996 жылы Ұлан аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі болды. Кейін экономика саласы бойынша мемлекеттік қызметте түрлі әкімшілік жұмыс атқарды. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болды.