12:52, 02 Қазан 2015 | GMT +5
ШҚО-да бір апта бұрын үйінен шығып кеткен ер адамды іздеу жалғасып жатыр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда 24 қыркүйекте үйінен кеткен 80 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр.
Шығыс аймақтық аэромобильді-жедел-құтқару жасағының 12 маманы мен ТЖД 24 құтқарушысы оны бүгін таңертең Глубоковский ауданы Опытное поле кентінің маңында іздеуге кірісті.
Әзірге іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.