ШҚО-да браконьерлердің әрекетін әшкерелеу үшін дрондар қолданысқа енгізілді
Ведомствоның баспасөз қызметінің келтірген мәліметіне сәйкес, биоресурстарға қарсы жасалатын заңсыздықтардың алдын алу үшін басқарма заманның озық технологияларын қолданысқа енгізген. Мәселен, 1 қарашадан бастап табиғат қорғаушылар дрондар арқылы патруль жүргізетін болған.
«Квадрокоптерлер 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді. Заманауи техниканың арқасында Тораңғы шығанағы мен Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулауға қатысты үш жағдай тіркелді. Заң бұзушылардан екі қайық, қайық моторлары, жалпы ұзындығы 360 метрге жететін синтетикалық ау мен 30 келі балық тәркіленді. Келтірілген шығын 75 мың теңгені құрап, оларға айыппұл салынды», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бұрын қамыстың арасында жасырылған қайықтарды табу мемлекеттік инспекторларға қиынға соғатын еді. Ал озық камералы дрондар бұл заңсыз әрекеттерді әшкерелеуге таптырмас құралға айналған.
Иллюстрациялық фото