ШҚО-да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы оң нәтиже беруде

Шығыс Қазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы оң нәтиже беруде. Биыл Көкпекті ауданына көшіп барған 20 жас маман қазір жемісті еңбек етіп жүр, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Баспана алып, көтерме ақыға қол жеткізгендер негізінен мұғалімдер мен дәрігерлер және ветеринарлар. Қалимұрат Қадырбаев 4 жыл Өскеменде жоғары білім алды. Қолға балта ұстамағалы көп болса да, білек сыбанып қысқа дайындалуда.

«Өз үйім - өлең төсегім. Баспаналы болғаныма қуаныштымын», - дейді жас маман.

«Жастарға өте жақcы, тиімді болып жатыр. Жастар үшін қайда болса да, жұмыс істеу керек. Қазақстанды көтеру керек. Жастарға ауылда тұру керек. Ауылды көркейту керек. Жастар болса, ауыл көркейеді»., - дейді жас маман Қалимұрат Қадырбаев.

Жас отбасы көтерме ақыға жаңадан алған үйлеріне жиһаз, дүние-мүлік алыпты. Қалимұрат Құлынжондағы орта мектепке мұғалім болып орналасқан, жұбайы да осында еңбек етуде. Көкжайық ауылында жергілікті кәсіпкер тұрғызған жаңа балабақшада да жас мамандар көп.

«Мұхтар Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін бітіріп, жас маман ретінде осы ауылға келіп тұрмын. Қаладан келгенімізге еш өкінбейміз», - деді әдіскер Меруерт Кәрімова.

Осылайша, бір жылдың ішінде ғана ауылдың болашағына сенген 20-дан астам жас Көкпекті ауданына тұрақтаған. Мұнда тек Шығыс Қазақстан ғана емес, өзге облыстардан да мамандар тартылуда.

«Бұл бағдарламаның аясында тұрғын үй сатып алуға 3 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Жас мамандар ауылда тұрақтап қалса болғаны, олар үшін жан-жақты жағдайлар жасап жатырмыз. Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағындықов.

Көкпекті ауданында соңғы жылдары бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Асылтұқымды мал шаруашылықтары мен кәсіпорындар бой көтеруде. Демек жастар үшін қашанда екі қолға бір күрек табылады деген сөз.

Соңғы жаңалықтар