ШҚО-да енесінің атынан несие алып келген әйел 2 жылға түрмеге қамалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында әйел адам білдіртпей енесінің атынан 2 жарым млн теңге несие алған.

ШҚО-да енесінің атынан несие алып келген әйел 2 жылға түрмеге қамалды
Фото: pexels.com

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 28 жастағы әйелге алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

- Ол әлеуметтік жәрдемақы ресімдеймін деп алдап, енесінің биометриялық және жеке деректерiн банктік мобильді қосымшада пайдаланған. Осылайша, 2,5 млн теңгеден астам сомаға бірнеше несие алған, - делінген ақпаратта.

Сот шешімімен айыпталушының екі жылға бас бостандығы шектелді. Алайда әйел пробация қызметінің есебінде тұрған кезде тәртіпті сақтамай келді. Нақты айтқанда, тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмай, электронды бақылау құралын киюден бас тартқан.

Соған байланысты оның жазасы бас бостандығынан айыруға қатаңдатылды.

Еске салсақ, осыған дейін 45 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті Польшадан экстрадицияланғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар