ШҚО-да ер адам көпірден секіріп кетті
ӨСКЕМЕН. 18 шілде. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпірден қырық жастағы ер адам суға секіріп кетті. Оқиғаны көрген қала азаматтарының бірі құтқарушыларды шақырған.
«Хабар алысымен біз оқиға орнына келдік. Ер адам өзен ағысымен ағып кеткен», - дейді ШҚО ТЖД Орталық су-құтқару стансиясының бастығы Сергей Мартьянов.
Дер кезінде жеткен құтқарушылар ер адамды судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен, содан соң зардап шегушіні жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
"Суға секірген адамның жағдайы қанағаттанарлық, аяқ-қолы сынбаған, алайда қатты шошып қалған", - дейді құтқарушылар.
Құтқарушылар оның неліктен өмірімен қоштасқысы келгенін білмейді, алайда олар өз-өзіне қол жұмсау оқиғасының алдын алды.