16:09, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
ШҚО-да есірткі мен күкірт қышқылы тәркіленді - «Допинг» операциясы
ӨСКЕМЕН. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында полицейлер облыс аумағында есірткі құралдары, психотропты, улы заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюды алдына мақсат еткен «Допинг» операциясының нәтижелерін шығарды.

ШҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Эдеш Рахымжанов хабарлағандай, 24 дәріхана, 7 емдеу-профилактикалық мекеме тексерілді. Оның барысында 34 бұзушылық тіркеліп, оларға қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік жауапкершілікке 25 адам тартылды. Барлығы заңсыз айналымнан 160,551 грамм есірткі заттары мен алты тоннадан астам күкірт қышқылы тәркіленді («Қазцинк» ЖШС).