ШҚО-да КамАЗ аударылып, бір адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде жол апатынан ер адам қаза тапты.

с
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Өскемен-Риддер тасжолының 42-шақырымында болған.

- 59 жастағы жүргізуші басқарған КамАЗ аударылып кетті. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында мотоциклмен аударылып қалған ер адам көз жұмғаны хабарланған.