ШҚО-да қара ангус пен қазақтың ақбас сиырынан жаңа тұқым алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында қара ангус пен қазақтың ақбас сиырынан жаңа тұқым алынды. Асыл текті мал шаруашылығының асығын алшысынан түсіріп отырған жергілікті қожалықтардың бұл жаңалығын осы ауданға ат басын бұрған облыс әкімі Даниал Ахметов те жылы қабылдады, деп хабарлайды altaynews.kz сайты .
Сонымен қатар аймақ басшысы жұмыс сапары барысында көкпектілік шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, агросекторды дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Білім беру саласында қолға алынған ілкімді жұмыстармен танысты. Бір қуантарлығы, ауданның ағымдағы жылы мектеп бітірген түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) нәтижесі бойынша өңірдің аудандары арасында көш бастаған.