Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-да қауіпті әрекет жасаған жүргізуші мен жолаушы жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде тараған Жол жүру қағидаларын өрескел бұзу фактісі Шығыс Қазақстан облысы полициясының назарынан тыс қалған жоқ.

ч
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Әлеуметтік желілерде тараған Жол жүру қағидаларын өрескел бұзу фактісі Шығыс Қазақстан облысы полициясының назарынан тыс қалған жоқ.

Бейнежазбада жеңіл автокөлік қозғалыс кезінде жолаушы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып, денесін көліктің терезесінен сыртқа шығарып отырғаны көрінеді. Бұл әрекет өзінің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды жедел анықтады. Chevrolet Cobalt автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жазаланды.

Сондай-ақ қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы да заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізуші мен жолаушының міндеті екенін еске салды.

Әсерлі бейне немесе фото түсіруге деген ұмтылыс қауіпті әрекеттерге себеп болмауы тиіс. Себебі бір ғана жауапсыз қадам қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.

Айта кетейік, елімізде 65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты медициналық тексеру мәселесі қызу талқыланып жатыр. Кейбір азаматтар мұны жаңа талап деп қабылдап, жүргізуші куәлігінен айырылып қаламыз ба деген алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі ресми түсіндірме беріп, қолданыстағы тәртіпті түсіндірді.