ШҚО-да көктемнің алғашқы айында ауа райы қандай болады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

ШҚО-да көктемнің алғашқы айында ауа райы қандай болады
Фото: Freepik

Көктемнің келуімен ақпан айындағы аяз біршама бәсеңдейді. Синоптиктердің мәліметінше, түнгі ауа температурасы -19-24°С-тан -3-8°С-қа дейін жоғарылайды. Ал күндіз -7-12°С-тан +2-7°С-қа дейін жылынады деп күтіледі.

Алайда екінші онкүндіктің басында ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін: түнде -19-24°С-қа, күндіз -7-12°С-қа дейін суытады.

— Жалпы, наурыз айында ақпандағыдай ауа температурасы құбылып тұруы ықтимал. Себебі бұл суықтан кейін күн қайта жылынады: күндіз ауа температурасы 5-10°С жылыны көрсетсе, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде +13°С-қа дейін жетуі мүмкін, — делінген ақпаратта.

Үшінші онкүндікте де температура құбылып тұрады. Түнде 0 мен -5°С пен -8-13°С аралығында болса, күндіз +5-10°С-тан -3 тен +2°С-қа дейін құбылады. Өңірдің шығыс бөлігінде түнгі температура -20°С-тан төмен түсуі ықтимал.

Ай бойы жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжанған. Сондай-ақ секундына 15-20 метрге дейін жететін екпінді жел жиі соғады.

Еске салсақ, осыған дейін демалыс күндері 37 градус аяз болатындығы хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум