15:55, 31 Тамыз 2017 | GMT +5
ШҚО-да көлік апатынан 50 жастағы әйел ажал құшты
ӨСКЕМЕН. ҚАЗАҚПАРАТ - Өскемен-Самара автомобиль тас жолында, Ұлан ауданының Тарғын ауылына жақын маңда «КАМАЗ» жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ІІД-ге сілтеме жасап.

Апат салдарынан 50 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында ажал құшқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 60 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған, жүк көлігі жыраға түсіп кетіп, аударылып қалған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Апатты оқиғаның мән-жайы тексерілуде.