ШҚО-да құтқарушылар қарға батып қалған автобус жолаушыларын құтқарды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында «Бақты-Семей» автожолында Айтобай ауылынан 6 шақырым жерде жолаушылар автобусы боран, жолдың нашар көрінуіне байланысты жол шетіне шығып кетті. Автобуста 25 жолаушы (2 бала) болған.

ШҚО-да құтқарушылар қарға батып қалған автобус жолаушыларын құтқарды

«Қазавтожол» РМК қызметкерлері автобусты жолға шығарды. Жолаушылар зардап шеккен жоқ, деп хабарлады ТЖ департаментінде.

Глубокое ауданында ШӨАЖҚЖ құтқарушыларының көмегі Карагужиха ауылында тұратын 30 жастағы ер адамға қажет болды. Зардап шегуші тізесінен жарақаттанған. Құтқарушылар «Нива-Марш» өтімділігі жоғары техникамен дәрігерлер әкелді. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді де, Глубокое ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Таяу күндері, синоптиктердің мәліметінше, ШҚО аумағында жер-жерлерде боран соғып, жел 20 м/с-қа күшейеді.