ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «инватакси» 3 жыл бойы қызмет көрсетпеген — прокуратура

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM Шығыс Қазақстан облысында прокурорлар Самар ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «инватакси» қызметі 3 жыл бойы қолжетімсіз болып келгенін анықтады. 

инватакси
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Аудан прокуратурасы мүгедектігі бар азаматтар құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. Соның нәтижесінде 39 адамның, соның ішінде 7 баланың «инватакси» қызметіне мұқтаж екені анықталды.

— 2022 жылдан бері Самар ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «инватакси» қызметі жүзеге асырылмай келген. Аудан әкімдігімен тұтынушылар санатын және тізбесін кеңейту туралы қаулы қабылданбаған. Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік мүмкіндігі шектеулі адамдарға көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады, — делінген ақпаратта.

Осылайша, бюджеттен 27 млн теңге бөлініп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған арнайы автокөлік сатып алынды. Сондай-ақ тұрақты түрде көлік қызметін көрсету үшін жүргізуші жұмыс орны ашылды.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да жер қойнауын пайдалану талаптарын бұзған кәсіпорындарға айыппұл салынғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар