ШҚО-да нөсер жауыннан кейін су деңгейі көтерілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда толассыз жауған жаңбырдан кейін өзендерде су деңгейі көтерілді.
None
None

Облыстық ТЖ департаменті басшысының орынбасары Александр Ломыгиннің ақпаратына сүйенсек, Бұқтырмада су деңгейі 460 см-ге (қауіпті деңгей - 530 см) жетті.

«Облыстың барлық өзендерінде су деңгейі қауіпті белгіге дейін жеткен жоқ, халықтан шағым түспеді. Әрине жауын-шашын су деңгейіні ауытқуына ықпал етіп, көтерілуі мүмкін, бірақ қауіпті емес. Таулы жерлерде қар еріп бітті».

Риддер маңындағы Брекс өзеніндегі көпірді су шайып кетуіне қатысты айтар болсақ, бұл көпір емес, Ливино ауылының жергілікті тұрғындары қолдан жасаған өткел. Көтерілген су жағаға жайылған кезде құрылыс қирап қалған. Тұтастай өңірде жағдай тұрақты», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар