ШҚО-да облыс әкімі аппаратының жетекшісі тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің кеңейтілген отырысында аймақ әкімі облыс әкімі аппаратының жаңа жетекшісі - Ержан Жылқыбаевты таныстырды.

ШҚО-да облыс әкімі аппаратының жетекшісі тағайындалды

Е.Жылқыбаев - Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданындағы Леңгір қаласының тумасы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен ҚР Президентінің мемлекеттік басқару академиясын  тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы ОҚО экономика департаментінің бас маманы болып бастаған. 2006 жылға дейін - мемлекеттік басқару академиясының магистранты болды. 2006 жылдан 2007 жылға дейін - ҚР Парламентінің Үкімет өкілдігінде, Премьер-Министр кеңсесінде бас сарапшы. 2007 жылдан 2009 жылға дейін Экономика министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің мемлекеттік кәсіпкерлік басқармасында методология және норма шығармашылық   бөлімінің бастығы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі, ШҚО әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеген. 2009 жылдан 2011 жылға дейін - ШҚО әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болған.

2011 жылдың мамыр айынан бастап Семей қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Мұнда ол экономика, қаржы, статистика, банк саласы, құрылыс, жер қатынастары, стандарттау және кәсіпкерлік мәселелеріне басшылық еткен.

Бұл тағайындауға дейін Е.Жұматұлы Семей қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.