ШҚО-да облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

АСТАНА. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат – Аймақ әкімі Серік Әбденовті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары етіп тағайындау туралы өкімге қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚазАқпараттың анықтамасы: Серік Сақбалдыұлы Әбденов 1977 жылғы ақпанның 15-де Қарағанды облысында туған, ұлты-қазақ, 1998 жылы Қазақтың Құқық және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген. 2004 жылы Қарағандыдағы Қазтұтынушылародағы экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998-2000 жылдары ҚР Әділет министрлігінде бас маман, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасының бөлім бастығы болды. 2000-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде заңдық сараптау бөлімінің бастығы, бақылау және құжат айналымы басқармасының бастығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2003-2004 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасады. 2004 жылдан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Еңбек және халықты еңбекпен қамту департаменті директорының орынбасары, одан кейін департамент директоры болды. 2007 жылғы қарашада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды. Ал 2009 жылғы наурыздың 6-сынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар