ШҚО-да «Өскемен-Қалбатау» трассасында қар құрсауынан адамдар мен техникаларды құтқару жұмыстары жүргізілуде

СЕМЕЙ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл хабарламасы бойынша құтқару бөлімшелері «Өскемен-Қалбатау» трассасында қар құрсауынан адамдар мен техникаларды құтқару жұмыстарын жүргізуде. Жолдың 55-інші шақырымында бүгін 20-дан астам автомобиль қозғалысын тоқтатты. Қатты соққан бораннан және көру қашықтығының төмендеуінен көлік құралдарының қозғалысына мүмкіндік болмады.

ШҚО-да «Өскемен-Қалбатау» трассасында қар құрсауынан адамдар мен техникаларды құтқару жұмыстары жүргізілуде

Оқиға орнында қазір құтқарушылардың, жол қызметінің топтары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеуде. Құтқарушылар 7 КамАЗ-ға, 10 жеңіл автомобильге және бір рейстік автобусқа қала бағыты бойынша еріп келе жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жұмыстар іркіліссіз жүргізілуде.