ШҚО-да өзеннен жүзіп өтпек болған ветеринар суға батып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Тарбағатай ауданында Қарғыба өзенінен өткен тәулікте құтқарушылар суға батып кеткен ветеринарлық санитардың денесін алып шықты.

ШҚО-да өзеннен жүзіп өтпек болған ветеринар суға батып кетті

60 жастағы ер адам Екпін ауылдық округінде өзен арқылы қайықпен жүзіп бара жатқан кезінде батып кеткен, деп хабарлайды ШҚО ТЖД-інен.