ШҚО-да пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында сертификатталмаған пиротехникалық өнімдердің заңсыз айналымына жол бермеу үшін полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар органдары «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Бұл туралы polisia.kz жазды. 

ШҚО-да пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді
Фото: СҚО Полиция департаменті

Аталған облыс аумағында барлығы 345 профилактикалық рейд ұйымдастырылған. Тексеру барысында базарлар мен өзге де сауда орындары қамтылып, контрафактілік пиротехникалық өнімдер анықталып, тәркіленді. Құрылып отырған рейдтік топтардың жұмысы нәтижесінде 60 пиротехникалық бұйым айналымнан алынды. 

Рейдтердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабының 1-бөлігіне сәйкес 8 әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушыларға айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарға сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату және пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Полиция қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді тек ресми және сертификатталған сауда орындарынан сатып алуға, сондай-ақ оларды қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бұған дейін Жаңа жыл кезінде қай жерлерде пиротехника қолдануға тыйым салынатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар