ШҚО-да саңыраулар қоғамының басшысы 115 млн теңге бюджет қаражатын иемденді деп күдікке ілінді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы әшкереленді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

деньги, ақша, тенге, банк
Фото: Александр Павский / Kazinform

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі.

— Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда, — деп атап өтті агенттік өкілі.

Айта кетейік, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін ШҚО-да 780 әйел декреттік төлемді арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені анықталды.

Соңғы жаңалықтар