ШҚО-да шаштараз, механик, дәнекерлеуші мен жүргізушілер жарысқа түседі

ӨСКМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде шаштараз, механик, дәнекерлеуші мен жүргізушілер жарысқа түседі. Бұл туралы бүгінгі «WorldSkills Shygys - 2019» аймақтық чемпионатын өткізу жөніндегі брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Аltaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Атап айтқанда, жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасындағы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталуға жақын.

«WorldSkills Shygys» төртінші рет өткелі тұр. 14 мамыр күні шығыстың бас шаһарында басталатын чемпионат үш күнге жалғаспақ. Жеңімпаздар республикалық додаға жолдама алады. Ол жерде үздік шықса, жас мамандарға Татарстан астанасы Қазанда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғауға жол ашылып отыр.

«Біздің өңірдің жастары шын мәнінде білімді, білікті. Сөзімізге өткен жылғы чемпионат қорытындысы дәлел. Әлемдік додада 8 өреніміздің жеңіске жеткенін білесіздер. Сол себепті барлығы біздің аймақтан үлкен нәтиже күтеді. Екінші қырынан, біз жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, жастардың өз ісінің шебері болып қалыптасуына зор ықпал етудеміз», - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Соңғы жаңалықтар