ШҚО-да су тасқыны салдарынан зақымданған көпірлер мен жолдар қалпына келтірілуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін ШҚО-да су тасқыны салдарынан зақымданған көпірлер мен жолдарды қалпына келтіру көзделген.
None
None

Осыған дейін хабарланғандай, аймақта су тасқыны салдарынан республикалық маңыздағы жолдарда 3 көпір зақымданды. Республикалық бюджеттен жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді.

Қазір жағалауда тірек орнату жұмыстары жүріп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» АҚ ұлттық компаниясының облыстық филиалынан хабарлағандай, жағдайды зерттеген мердігер ұйымдар жолдарды жөндеуге кірісті. Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Шаруа қараша айының соңында аяқталады.

Бүгінде «Өскемен - Зыряновск - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахманов бұлақтары» трассасының 149 шақырымы, Снегирево өзені арқылы өтетін көпір қалпына келтіріліп жатыр.

«Өскемен-Семей» күре жолының 83 шақырымы, Қарасу өзені арқылы өтетін көпір де жөнделіп жатыр. «Семей-Қайнар» тас жолының 181 шақырымындағы Шаған өзенінің үстінен өтетін көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүруде.

Соңғы жаңалықтар