10:01, 08 Маусым 2025 | GMT +5
ШҚО-да судағы қауіпсіздік шараларын сақтамаған 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында демалуға арналған 25 жер учаскесі, шомылуға тыйым салынған 74 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орын анықталды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ШҚО ТЖД құтқарушылары полицейлермен және еріктілермен бірлесіп су айдындарында профилактиканы жандандырған.
Атап айтқанда, осы кезге дейін 458 рейд жүргізілген. Сондай-ақ 3 адам судағы қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдке қатысушылар олардың негізгі міндеті – Қауіпсіз демалыс мәселелеріне назар аудару екенін еске салады.
Бұған дейін Павлодарда каналға шомылуға барған жасөспірім суға батып кеткенін хабарлаған едік.