ШҚО-да такси жүргізушісінің көлігін иемденіп кетпек болғандар ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменің іргесінде 51 жастағы такси жүргізушісін тапа-тал түсте тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 10 қыркүйекте болды. Үш жігіт жүргізушіні буындырып, көліктен түсуін талап етеді. Көлік иесінен құтылған соң тонаушылар белгісіз бағытта кете барған. «Daewoo» көлігінің иесі бір сағат өткеннен кейін ғана полицияға хабарласуға мүмкіндік алды. Көп өтпей 20, 22 және 23 жастағы үш күдікті қолға түскен.

«Жедел әрекеттің арқасында күдіктілер ұсталды. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 192 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» - делінген облыстық ішкі істер департаменті таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар